$458.87 €493.84 ₽6
×

Шымкенттік тұрғынның көлігін жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлікшілер мініп кетіп, өртеп жіберген

AstanaTV
11.02.2022ж. 20:00
1238
Шымкенттік тұрғынның көлігін жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлікшілер мініп кетіп, өртеп жіберген

Шымкентте қаңтар оқиғасы кезінде автобустар мен полиция автокөліктерінен бөлек жеке тұрғындардың да көліктері бүлінген.  

«Түркістан»  сарайының күзетшісі Мұратбек Пернебеков 5-қаңтар күні  түнгі ауысымда болған. Мәдениет үйін қиратқан бүлікшілермен алысып жүргенде оның сыртта тұрған автокөлігін бұзақылар айдап кетіпті. Мініп кеткенімен қоймай, кейін оны өртеп жіберген.  Автокөліктің ішінде  несиеге төлейін деп қойған жүз мың теңге ақшам, сырт киімдерім түгел  жанып кетті дейді.

Мұратбек ПЕРНЕБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қандай бір көмек беретін шығар енді, бұл жалғыз машинам ғой, мекемені қорғап, мекемені өртеніп кетуден қорғап, сөйтіп жүргенімде өзімнің машинамнан айрылып қалдым.  

Мұратбек Пернебековтің автокөлігі Шымкенттегі айып тұрақтарының біріне қойылғалы айдан асты. Мұнда тағы үш автокөліктің қаңқасы тұр. Еске салайық, жаппай тәртіпсіздік кезінде   бүлікшілер қалада 8 ірі нысанға от қойып, қиратып, айтарлықтай шығын келтірген. Соның 6-ы- әкімшілік мемлекеттік ғимарат.  Бұзақылар автобустарды да өртеп, жараланғандарға жәрдемге келген 7 жедел жәрдем көлігіне де зақым келтірген.

А. Төребекқызы

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах