Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Әдепсіз әрекетімен әлеуметтік желіні шулатқан Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Әдепсіз әрекетімен әлеуметтік желіні шулатқан Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Әдепсіз әрекетімен әлеуметтік желіні шулатқан Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті. Желіде жарияланған видеода экс орынбасар әкімнің кеңесшісімен ерегесіп, бейәдеп сөздер айтып тұрған сәті көрсетілген.  Мемлекеттік қызметшілердің бұл қылығын көпшілік  сынға алды. Мемлекеттік қызмет  істері жөніндегі агенттік бұған қатысты зерделеу жұмыстарын бастаған болатын.  Бірақ оның шешімі шықпай жатып, әкімнің орынбасары Асхат Есеналиев өз еркімен жылы орнын босатқан.  Ал, қала әкімінің кеңесшісі Нұрбол Қожықов бейнежазба желіде тарамай-ақ, он күн бұрын өз еркімен жұмыстан кеткен. Олардың ішімдік ішкен, ішпегені әлі  анықталмаған.  

Зарина ҚУАТОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

Қоғамда соңғы күндері қызу талқыланған жағдайға байланысты Тараз қаласы әкімінің өкімімен А.Есеналиев өз еркімен жұмыстан босатылды.  2020 жылдың 26-шы сәуірінен бері Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Асхат Қамқабайұлы қаланың құрылыс, сәулет, жер қатынастары, коммуналдық шаруашылық салаларына жауапты болды.


Б. Жұмабайұлы