$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Ақтөбеде "Қазақтелекомның" жұмысшылары жансақтау бөліміне жеткізілді

AstanaTV
15.02.2022ж. 20:00
1979
Ақтөбеде "Қазақтелекомның" жұмысшылары жансақтау бөліміне жеткізілді

Ақтөбеде де төтенше жағдай орын алды. "Қазақтелекомның" екі жұмысшысы кабель кәрізіндегі мұзды бу генараторымен ерітпек болған. Сол кезде бу жиналған бөшке жарылып, екеуі де ауыр жарақатанған. Қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.  Екеуінің де аяқ-қол сүйектері сынған, бас-ми жарақаты бар. Дәрігерлер шұғыл ота жасады.

Ерғали БАЗАРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АУРУХАНАСЫ ТРАВМАТОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бірден ота жасадық. 25 жастағы пациенттің сол аяқ сүйегі сынған. Оң аяғының ірі қантамыры жыртылған. Екінші науқастың табан сүйектері зақымданған, екі қолының сүйегі бірнеше жерден сынған. Оны бүгін травматология бөліміне ауыстырамыз ба деп отырмыз.

Зардап шеккен - 25 және 45 жаста. «Қазақтелеком» компанияныңы Ақтөбедегі филиал басшылығы зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін хабарлады. Пайдалану және даму қызметінің басшысы Ольга Керееваның айтуынша, олардың еміне қаражат бөлінеді. Бұдан бөлек, компания қызметкерлері донорлық қан тапсыратынын жеткізді. Ал, оқиғаның себебін арнайы комиссия анықтайды, деді.

Г. Сейтенова