Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елімізде қолайсыз ауа райынан республикалық маңызы бар жолдар жабылды,- ТЖМ

AstanaTV
15.02.2022ж. 20:00
1289
Елімізде қолайсыз ауа райынан республикалық маңызы бар жолдар жабылды,- ТЖМ

Елімізде қолайсыз ауа райынан кейбір жолдар жабылды. Бірақ ескертуге қарамастан жолға шыққандар көп. Қар құрсауында қалған 259 адам құтқарылды. Оның ішінде балалар да бар.  Омбы қарға батқан 21 көлік  шығарылды.   Құтқарушылар күн-түн демей дамылсыз жұмыс істеп жатыр. Қазір бас қаланың шыға беріс қақпаларына блок бекеттер қойылған. Алыс жолға шыққан көліктер кері қайтарылуда.

Ақтүтек боранға байланысты бүгін Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында бастауыш сыныптар үшін сабақ онлайн форматқа ауыстырылды.  Елордада түске дейін 17 әуе рейсі кешіктірілген.  Синоптиктер бораннан кейін сарышұнақ аяз басталатынын  ескертуде. Кей өңірлерде ауаның температурасы 30 градусқа дейін төмендейді. Сондықтан мамандар қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр.  

Талғат УӘЛИ, ҚР ТЖМ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұл өздеріңіздің өмірлеріңіз үшін қауіпті. Қазір жолда көк тайғақ та бар, боран да бар және өздеріңіз жолда көргендей кейбір жерлерде жолды көру мүмкін емес. Яғни алда келе жатқан көлікті боранның салдарынан көру мүмкін емес.

Б. Сатуов