Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

"Екі балаңды тірідей көрмейсің"- жәбірленуші

AstanaTV
16.02.2022ж. 20:00
1406
"Екі балаңды тірідей көрмейсің"- жәбірленуші

Адам сату бойынша әлем елдерінің арасында Қазақстан 83-ші орында тұр. Арнайы орталық мамандары осыны айтап дабыл қақты. 2020 жылдың көрсеткіші бойынша 1891 адам осы сауданың құрбаны болған. Оның 744-і Қазақстан азаматы. Зардап шеккендердің көпшілігі қара жұмысқа салынған. Сарапшылардың айтуынша, соңғы жылдары жыныстық құлдықтан гөрі, еңбек құлдығы басым. Алматыдағы оңалту орталығының көмегіне жүгінген әйелдің тағдыры да қылмыстық істің қозғалуына арқау болды дейді орталықтың директоры. Құлдыққа түскен кейіпкеріміз Өзбекстан азаматшасы. Алматыға жұмыс іздеп келген. Таныс арқылы орналасқан жерде  аса ірі көлемде ақша ұрлады деген айыпталып, қара жұмысқа жегілген.  

ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Алматы қаласына таныс арқылы келдім. Сол жақтағы бір кафеде еден жуушы болып орналастым.  Қазан айында қателеспесем, басында бәрі жақсы болған, бірақ уақыт өте келе қоқан-лоқы көрсете бастады. 2 балаңды тірідей көрмейсің деді. Телефонымды тартып алды, оған қоса құжаттарымның бәрін алып алды. Ешкімге хабарласа да алмадым. Мені ірі көлемді ақша ұрладың деді, сөйтіп жұмыс істеуге мәжбүрледі.


Зардап шеккендер бүгінде қоғамдық қордың арнайы баспанасына орналастырылған. Көмек көрсетілуде деді. Төрағаның айтуынша, өзгелерге қарағанда Өзбекстан тұрғындары ел аумағында құлдыққа көбірек түседі екен. Олардың көпшілігі ер адамдар көрінеді.

Нина БАЛАБАЕВА, «РОДНИК» ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОҢАЛТУ ЖӘНЕ БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫ» ҚҚ ДИРЕКТОРЫ:


2020 жылы 35 адамға көмек көрсеттік. Оның 30-ы ер адам, 5-і әйел. Өзбекстан бірінші орында, ал жекелеген жағдайлар Польша, Ресей, Қырғызстан. 21-ші жылы 60 адам, 51 ер, 9 әйел. Өзбекстан – 56 адам. Оқшауланған жағдайлар Ресей Қырғызстан, Тәжікстан, азаматтығы жоқ адам.

Ә. Дүкембаева