$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қаңтардағы қақтығыс салдарынан кәсіпкерлердің кәсібі жолға түспей келеді

AstanaTV
16.02.2022ж. 20:00
1379
Қаңтардағы қақтығыс салдарынан кәсіпкерлердің кәсібі жолға түспей келеді

Қаңтардағы қақтығыс салдарынан алматылық кәсіпкерлердің кәсібі жолға түспей келеді. Тәртіпсіздік кезінде бүлінген жеке бизнестеріне өтемақы ала алмай жүргендер әлі де жетерлік. Олар өтемақы алу механизмін өзгертуді сұрайды. Дүрбелеңнің салдарын әріптесім Әсем Лесбек айтып береді.

Қарлығаш Еспенбетова қаладағы сауда орталықтарының бірінде киім-кешек сатумен айналысады. Тауарларын базардан, кейде көршілес елдерден әкеледі. Бүлік кезінде дүкеніне 35 миллион теңге шығыны келген.
 
Қарлығаш ЕСПЕНБЕТОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

Бутигіме келген ущербтың соммасы келтіріліген залал 35 миллион. Қолымызда документтеріміз бар. Накладные которые нам дают не законно деп қабылдамай жатыр. Себебі біздің наклоднайларымызда е печать жоқ, е чек жоқ.
 
Өтінішімізді сот-сараптама мамандары мақұлдар емес деген кәсіпкерлер қоғамдық комиссиядан көмек сұрайды.  
 
Согдиана ӘЗІМБАЕВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:
 
Лаңкестер менің дүкенімнің де түгін қалдырмаған. Бәрін қиратқан. Алайда олардың талқандағанын дәлелдей алмай жүрміз. Себебі біздің фискалдық түбіртегіміз жоқ.  Өтемақы алу механизмін жеңілдетуді талап етеміз.

 
Жаппай тәртіпсіздіктен залал келген кәсіпкерлерге өтемақы төлене бастады. Қалалық кәсіпкерлік және инфвестициялар басқармасы мәселенің жан-жақты қайта қарастырамыз деді.
 
Қанат САҒЫНДЫҚОВ, АЛМАТЫ қ. КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Бүгін комиссияны өткіздік. Соның ішінде 56 зардап шеккен нысандарын бекітіп, 166 млнға анқтадық. Осы күнге дейін 601 нысанды бекіттік. Соммасы 1 млрд 188 млн теңге. 198 нысандарға отказ бердік. Өйткені олардың заявка берген кезде толық құжаттарын тіркемеген.


Қалада лаңкестік салдарынан бүлінген нысандардың көбі қалпына келтірілді. Полиция тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдіктілерді анықтауда. Алматы облысындағы арнайы операция кезінде сауда орталығын тонаған азамат қолға түсті.
 
Тергеу кезінде күдіктінің бұрын сотталғаны анықталды. Жалпы Қарасай ауданы бойынша тонау дерегімен 20 күдікті тергелуде.  Олардан 200-ден астам техника тәркіленген.
.
Серік ТҰРПАНБАЕВ, ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Күдіктілер қолды қылған заттар иелеріне қайтарылды. Аудан аумағында тонау деректерін анықтау бойынша кешенді шаралар жүріп жатыр. Барлық іс-қимыл аудандық және облыстық полиция департаменті басшыларының тікелей қадағалауында.   

 
Шаһарда қаңтар оқиғасына қатысы бар деген күдіктілерді анықтау жұмыстары тоқтаған жоқ. Бұрыш-бұрышта тұрған бейнебақылау камераларын, мамандар жіті сүзгіден өткізіп жатқандарын айтты.  

Ә. Лесбек