Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Қазақфильмнің» табысы жалақыдан артпайды, - А.Сатаев

AstanaTV
16.02.2022ж. 20:00
1141
«Қазақфильмнің» табысы жалақыдан артпайды, - А.Сатаев

«Қазақфильмнің» тапқаны, жалақыдан артпайды. Белгілі кинорежисер Ақан Сатаев, бас қалада өткен алқалы отырыста өзі басқаратын компанияның мүшкіл хәлін жеткізді.

Ақан САТАЕВ, Ш. АЙМАНОВ АТЫНДАҒЫ "ҚАЗАҚФИЛЬМ" АҚ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз жұмыс істеп жатырмыз, барынша тырысып бағамыз. Бірақ студия тапқан барлық қаражат өкінішке қарай, қызметкерлердің жалақысы мен әкімшілік-шаруашылық қажеттіліктерге жұмсалады. Шындығын айтқанда, өз фильмдерімізді шығаруға да қаражат жеткіліксіз. Сондықтан, бізге өз фильмдерімізді шығару үшін әлі де қолдау қажет.

Алқалы жиында мәдениет саласындағы күрмеуі қиын мәселелер қозғалды. Кітап баспасы, мұрағатшылардың жалақысы, мәдени нысандарды қайта жөндеуден өткізу де қозғалды. Жауапты министрліктің дерегінше, ел ішінде 7 мыңнан астам мәдени нысан бар. Алайда оның көбі тозған. Кітапханалар мен архив ісі де қолдауға зәру. Сала мамандары бірқатар кемшіліктерді айтты. Олар ауылдағы кадр тапшылығы, қазақ тіліндегі кітаптарды сату мен баспа ісін біріздендіру қажет екенін жеткізді. Көтерілген проблемаларды тындаған министр Дәурен Абаев, "біртіндеп шешеміз", -деді.

Дәурен АБАЕВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

Біз бүкіл мына біздің ұйымдардың бәрін айналып өтеміз бәрін.Барып қайтамыз. Соның қорытындысы бойынша бүгінгі айтылған сөздер бойынша біз нақты жол картасын дайындап жатырмыз. Ол былай созылмаған жол картасы. Ол жол картасы биыл көп шешімін табады деп мен сенімдімін. Биыл біз көп нәрсені шешіп тастаймыз.


Б. Сатуо