Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алматылық кәсіпкерлердің өтемақы алу мерзімі қысқарады

AstanaTV
17.02.2022ж. 20:00
2157
Алматылық кәсіпкерлердің өтемақы алу мерзімі қысқарады

Қаңтар оқиғасында шығынға ұшыраған алматылық кәсіпкерлердің өтемақы алу мерзімі қысқаратын болды. Қалалық кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы осыны мәлімдеді. Өңірлік комиссия шығынды өтеу тетігіне өзгеріс енгізуді сұрады. Қарау мерзімін де қысқартуды ұсынды. Олар жеке кәсіпкерлердің талабынан кейін осындай шешім қабылдап отыр.

Күні кеше өтемақыдан үміт үздік деген Алматылық кәсіпкерлердің көңілінде бүгін қайта үміт оянды. Сауда және интеграция министрінің қатысуымен болған жиында олардың мәселесі қаралды. Өңірлік комиссия мүшелері де өтемақы алу механизмін өзгерту қажеттігін хабарлады
 
Қанат САҒЫНДЫҚОВ, АЛМАТЫ қ. КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өзгерістер енгізу жөнінде орталық мемлекеттік орган, яғни  Ұлттық экономика министрлігіне ұсыныстар бердік. Жеңілдетілген механизм жабдық санатына да қатысты болады. Олар қорғаушылардың ақысын өтеуді жоспарлап отыр. Бұл өтініштерді қарау мерзімін бір айдан екі аптаға дейін қысқартады және бизнесті өтеу рәсімін айтарлықтай жылдамдатады.
 
Ал тәртіпсіздіктен ойран болған шаһардағы мемлекеттік нысандар жөнделіп жатыр. Президент резиденциясы жыл соңына дейін қалпына келтіріледі. Ғмарат күл-қоқыстан тазартылуда. Тарихи нысанға келтірілген шығын көлемі әлі есептеліп бітпепті.
 
Айта етейік елде жаппай тәртіпсіздікке жоғалған қаруды іздеу әлі жалғасуда. Түркістан облысының полицейлері тағы да қару тапты.  
 
Бауыржан ҚУАТОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Шұғыл іздестіру шараларын жүргізу барысында Созақ ауданының екі азаматы күдік тудырып ұсталып, үйлерін тінту барысында ұсталғандарының бірінің үйінен автомат калашников қаруы және тегіс ұңғылы қару сонымен қатар бірнеше оқ дәрілер тәрркіленді.
 
Күдіктілердің әрекеті қылмыстық кодекстің 287 бабы, 3-бөлігі бойынша тергеуге алынды. Шымкенттік тергеушілерде қару жымқырған 39 жастағы тұрғынды қолға түсірген. Күдікті уақытша қамау изоляторына жабылған.

Ә. Лесбек