1-ші наурызда «Nur Otan» партиясының кезектен тыс Съезі өтеді. Партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай шешім қабылдады. Алқалы жиынға барлық аймақтардан делегаттар қатыспақ. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов әлеуметтік желіде жазды. Ол Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық шараларын қолға алғанын хабарлайды. Сондай-ақ съезде партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланатынан құлағдар етті.