$494.87 €520.65 ₽4.91
×

БҰҰ мамандары адамзат үшін қауіпті құбылыстарды атады

AstanaTV
18.02.2022ж. 20:00
2104
БҰҰ  мамандары адамзат үшін қауіпті құбылыстарды атады

Біріккен Ұлттар ұйымы  адамзат  пен табиғатқа қауіп төндіретін  құбылыстарды атады. Мамандардың  айтуынша, жойқын орман өрттері мен ауаның ластануы, күнделікті қаладағы у-шу денсаулыққа кері әсер етеді. Ұйымның мәліметінше, 2002 жылдан 2016 жылға дейін әлемде  орта есеппен 423 миллион гектар орман өртенген. Бұл  судың ластануына, мұздықтардың еруіне, мұхиттардағы балдырлардың жаппай гүлденуіне және көшкіннің пайда болуына ықпал ететін көрінеді. Сондай-ақ, мамандар  қаладағы  тынымсыз дыбыстар созылмалы тітіркену мен ұйқының бұзылуына әкеледі дейді. Осыдан жүрек-қан тамырлары аурулары, психикалық бұзылулар, есту қабілетінің бұзылуы көбейеді. Соның салдарынан  жыл сайын шамамен Еуропалық Одақтың 12 мың тұрғыны мезгілсіз қайтыс болатын көрінеді.

Б. Сатуов