Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / "Пандемияның кесірінен жолаушы он есе азайды",- тасымалдаушылар

"Пандемияның кесірінен жолаушы он есе азайды",- тасымалдаушылар

Оралдағы қалалық автовокзалдың жағдайы мәз емес. Пандемияның кесірінен қалааралық автобус қозғалысы тоқтап, табыс 90 пайызға азайған.  Ал жолаушылардың саны он есе  қысқарған. Автовокзал өкілдері   Мәжіліс депутаттарынан көмек сұрады.  Вокзал басшылығы жолаушы азайған соң,  босаған ғимараттарды басқа мекемелерге жалға беруге мәжбүр болғандарын айтады. Коммуналдық шығындарды өтеу үшін қызметкерлердің де санын азайтуға тура келген. Бұл  салаға субсидия  да төленбейді дейді.  

Данияр МҰХТАРОВ, ОРАЛ АВТОВОКЗАЛЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
 
Карантинге дейін қалалық автовокзалда күніне 1200 пассажир жүретін болған. Қазіргі күнде бізде жүзге тарта адам жүреді. Қазіргі кезде пайда жоқ. Жаңағы автовокзалдың қызметкерлері, штаттағы адамдарының санын 50% қысқарттық. Кассирлерді қысқарттық, механиктерімізді, медиктерімізді бәрін қысқарту себебі автобус қозғалысы жоқ.


Сала өкілдері  шаш-етектен шығынға батқанын айтады. Ал қалааралық жолаушы тасымалымен қазір жеке такси қызметі айналысады. Автобус  қауіпсіз әрі жайлы көлік. Бірақ бұл мәселе ескерілмегендіктен, жағдайды уыстан шығарып алдық, дейді мамандар. Мәселеге құлақ түрген Мәжіліс депутаттары мұны заңды жолмен шешу амалдары қарастырылатынын  жеткізді. Бірақ бәсекелестік орта қалыптасқан жағдайда ғана қызмет сапасы артатынын ескертті.
 
Аманжан ЖАМАЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
Бұл жерде тек қана орыстарда айтады ғой, конкуренция дейді. Тек сол жолмен шешілетін зат заңды жолмен. Ал енді былай оларға тиым салу, сіздер жүрмейсіздер, құқыңыз жоқ деп айта алмаймыз. Оны заңды түрде шешетін зат бар. Сондай мәселелерді бүгін әңгімеледік, соны түсіндік, соған енді алғашқы уақытта сол мәселелерді шешуге тырысамыз.


Е. Карин