Павлодарда «Jas Otan» жастар қатары жаңа құраммен толықты. Бұл жолы белсенділердің қатарына 15 жас қосылды. Әрқайсысы әр саланың үздігі. Арасында ақындар мен өнер адамдары да бар. Оларға партия билеттерін өңірге іс сапармен келген мәжіліс депутаттары табыстады. Партияның жаңа мүшелері ел дамуы жолында аянбай еңбек ететінін жеткізді. Солардың бірі-Айша-бибі Алтынбек. Ол өткен жылы ұйымдастырылған республикалық «Тұлпар мініп, ту алған» байқауының жеңімпазы.
Айша-Бибі АЛТЫНБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ "JAS OTAN" ЖҚ МҮШЕСІ:
Бұл өте керемет сезім. Жеңіске жеткенімнің арқасында «Жас Отан» жастар қанатына кіріп отырмын. Бұл өте керемет.
Вера КИМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
«Jas Otan» жастар қанаты- Мемлекет басшысының тапсырмасын бұлжытпай орындап келе жатқан еліміздегі ең беделді ұйым. Қатарына белсенді жастарды жинай білген. Соның бір куәсі бүгін ғана партия қатарына қосылған жастарды атауға болады.
Ө. Қуанар