$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Қызылордада балық шабақтары қырылып қалды

AstanaTV
21.02.2022ж. 20:00
818
Қызылордада балық шабақтары қырылып қалды

Қызылорда облысында   Сырдария өзенінен су алатын каналдың бойында балық шабақтары қырылып қалды. Оның арасында торта, табан, ақ балық бар.  Каналдың ұзындығы 1 шақырымнан асады.  Шабақтардың неден қырылғандығы әзірге белгісіз. Мамандар зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жанқожа САПАРОВ, АРАЛ-СЫРДАРИЯ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А:
 
Ғылыми ұйымның өкілі өзінің құрылғыларымен судың оттегі мөлшерін анықтады. 3,5ті құраған. Сол жерде өзінің алдын ала тұжырымдамасына сәйкес, аталған 3,5 көрсеткіші балық ресурстарына кері әсерін тигізетінін атап өтті. Дегенмен ол жерде экология департаменті, вет.станция да болған. Олар балықтан, судан сынама алған. Оның қорытындысы алдағы уақытта белгілі болады.

М. Тоқтасынқызы




orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах