Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Жамбыл облысында салмағы жарты тонна болатын жарылғыш зат табылды

AstanaTV
21.02.2022ж. 20:00
1531
Жамбыл облысында салмағы жарты тонна болатын жарылғыш зат табылды

Жамбыл облысында салмағы жарты тонна болатын жарылғыш зат табылды. Ол Байзақ ауданының құмды алқабынан шыққан. Қауіпті затты сол ауданның  тұрғыны темір-терсек іздеп жүріп тауып алып, полицияға хабар берген. Ұзындығы екі жарым метрлік жарылғыш зат әскери әуе күштерінің жарылмай қалып кеткен қаруы болуы мүмкін деп болжайды.  Ол жарылған жағдайда радиусы 200 метр қашықтыққа дейінгі аралықты тып-типыл етуі мүмкін дейді мамандар. Оның 1962 жылы шығарылған «ФАБ 500м-62» авиациялық бомба екендігі анықталды. Алайда оның бұл алқапқа қалай жеткізілгені әзірге белгісіз.    

Б. Жұмабайұлы