Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Алтынға сұраныс артқан

Алтынға сұраныс артқан

Доллар   тағы қымбаттады. Қазақстан қор биржасының мәліметінше, бір тәулік ішінде теңгенің 1 долларға шаққандағы бағасы 1,56  тиынға өскен. Бүгін АҚШ долларының орташа бағамы -428, 32 теңге.

Kurs.kz агенттігінің ақпаратынша,  Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 429,84 теңгеден сатылса, сатып алу құны– 431,42 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы ақша айырбастау пункттерінде  құнды қағаз  429,17 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 430,41 теңге.

Өткен айда ішкі нарықта 68 келіден аса алтын сатылған. Яғни, бұл -1 771 құйма. Қазір ел ішінде алтын ең тиімді инвестиция көзі болып тұр. Саудаға оның 5, 10, 20, 50 және 100 грамдығы шығарылады. Соның ішінде бағалы металдың 10 және 100 граммдығына сұраныс жоғары. Айта кетейік, алтынды сату-сатып алу бағдарламасы 2017 жылы іске қосылған.  Оны екінші деңгейлі банктер мен банктік емес арнаулы ұйымдар жүзеге асырады. Ұлттық банктің дерегінше, осы аралықта жалпы көлемі-3 тоннаға жуық алтын сатылған.

Енді жер қойнауын пайдаланушылар өз міндетін дұрыс атқармаса,олармен арадағы келісім-шарт тоқтайды. Ал кен орындары аукционға шығарылады. Жаңа инвесторлар іздестіріледі. Аукцион өткізу туралы ақпарат міндетті түрде басылым беттері мен интернет ресурстарында жарияланады.  Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Оның айтуынша қазір үкімет тексеру жұмыстарын бастаған. Нәтижесінде міндеттемелерін дұрыс орындамай отырған  қатты пайдалы қазбаларға қатысты 148 және көмірсутек шикізатына қатысты 27 келісімшартты анықтаған.

Әлем бойынша ең көп сатылған автокөлік бренді -Toyota. Былтыр 7,35 млн көлік сатылған. Оған әсіресе,  АҚШ, Қытай және Жапония халқынан сұраныс  жоғары.  Сондай-ақ, Volkswagen-ге   қызығушылар  да көп. Бірақ бұл  брендтің көліктері Тойотадан 2 есе аз сатылған.  Онан кейінгі орында- Honda. Өткен жылы 4,13 млн көлік саудаланған.  Ал бұған дейін сатып алу көрсеткіші бойынша 6-орында  тұрған Hyundai маркасы, бірден төртінші орынға көтерілді. Премиум бренд саналатын Mercedes рейтингті аяқтайды.

Б. Сатуов