Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

"Nur Otan" азаматтардың өтініштеріне мемлекеттік органдардың берген жауаптарын талдады

AstanaTV
21.02.2022ж. 20:00
1239
"Nur Otan" азаматтардың өтініштеріне мемлекеттік органдардың берген жауаптарын талдады

«Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне былтыр 174 мың қазақстандық жүгінген. Ал депутаттар мен партия мүшелері – мемлекеттік органдардың басшылары 34 мыңнан астам жеке қабылдау өткізген. Талдау көрсеткендей, өтініштердің басым бөлігі әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жұмысқа орналастыру мәселелерімен байланысты. Азаматтарға консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетіліп өтініштердің барлығы дерлік шешімін тапты, тек 1%-ы ғана орындалу үстінде. Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Әлия Садырбаеваның айтуынша, «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында мемлекеттік органдардың өкілдерімен 2,6 мың тақырыптық және көшпелі қабылдау өткізіліп, оның барысында 5,6 мың адамның өтініші тыңдалған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар тарапынан азаматтардың өтініштерін тиісінше және уақтылы қарамау фактілері орын алғаны айтылды. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне мемлекеттік органдардың жауаптарына 22 шағым келіп түсті, өтініштерді қарау мерзімдерін бұзудың 115 фактісі тіркелді.

Б. Сатуов