Жамбыл облысында жұмыс сапармен жүрген Парламент Мәжілісінің депутаты студенттермен кездесті. Ашық форматта өткен жиында жастар депутатқа сұрақ қойып, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Олардың айтуынша, шетелдік студенттерге қосымша жұмыс істеуге рұқсат жоқ, рәсімделген виза бойынша табыс табуына мүмкіндік қаралмаған. Сондай-ақ, бизнеспен айналысамын деген жастар үшін ғимаратты және жерді жалға алуда жеңілдіктер болса деген өтініш білдірді. Бұл мәселелер бойынша мәжілісмен Мейрамбек Мылтықбайұлы тиісті жерлерге депутаттық сауал жолдайтынын айтты.
Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Студенттермен болған пікірде ашық, ол осыдан бірнеше жыл бұрынғы студенттер емес қазіргі. Ең бірінші студенттердің ой өресі кәдімгі халықаралық адамзаттың жаһандану деңгейіндегі, әсіресе студенттерді студентік кәсіпкерлік деген мамандық өте қатты қызықтырады. Бизнес әлеміне барғысы келеді. Ал бұл біздің қоғамды дамытуға өте қажет деп санаймын.
Б. Жұмабайұлы