Елорда да 100-ден аса көлік тізгіншісі жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Ал, балалар қауіпсіздігіне арналған құрылғысыз бүлдіршін тасымалдаған – 5 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке ілікті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Мамандар елорда аумағында "жолдағы балалардың қауіпсіздігі" атты республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын ұйымдастырды. Сондай-ақ жедел жұмыс аясында жол ережесін бұзған 200-ге жуық жаяу жүргінші анықталды.
Ержан ӘДІЛБЕКОВ, НҰР-СҰЛТАН қ, ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТI БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде барлығы 700-ге жуық оқу сабақтары ұйымдастырылып, түнгі уақытта және ауа райы нашарлаған кезде жүргізушілерге балалардың көрінуін жақсартатын 150 буклет және 120 жарық шағылыстыратын төсбелгілер таратылды. Және азаматтардың жолдағы жауапкершілігін насихаттайтын қосымша 30 көше билбордтары орнатылды.
Д. Жарқынбек