Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Доллар тұрақтала бастады

AstanaTV
25.02.2022ж. 20:00
1739
Доллар тұрақтала бастады

Доллар тағы 6 теңгеге қымбаттады.  Бүгін таңертең бір доллар 472 теңгеден сатылды. Ал түстен кейін  ақша айырбастау пунктері шетел валютасын  460 теңгеден саудалай бастады. Сарапшылардың пікірінше, бұл -Үкіметтің теңгені тұрақтандыру бойынша жасаған жұмыстарының жемісі. Соның нәтижесінде   жағдай біршама тұрақтала бастады. Ақша айырбастау пункттері қалыпты жұмыс істеп жатыр.

Әлия САЛЫБЕКОВА, АҚША АЙЫРБАСТАУ ПУНКТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бізге қазір көптеген қоңырау түсіп жатыр. Барлығы дерлік бағаға қызығушылық танытып, жағдайды сұрайды. Әрине ешкім де бағаның бұлай өсуін күткен жоқ. Содан болу керек кеше біраз қиындықтар болғаны рас. Алайда қазір жағдай тұрақтала бастады.

Соңғы бес күнде Ұлттық банк теңгені қолдауға 176 млн АҚШ долларын бөлді.  Сарапшылар  бұл дұрыс шешім болды дейді.

Андрей ЧЕБОТАРЕВ, ҚАРЖЫ ТАЛДАУШЫСЫ:
 
Елестетіп көріңізші, сізде нарық бар. Онда 475 курс бар. Оны құлату үшін сіз төмен курсты ұсынуыңыз керек. Яғни, Ұлттық банк бұл валютаны нарықтан сәл төмен сатады, осылайша жалпы бағамды төмендетеді. Жалғыз нәрсе, түзету болған бағамдық айырманы шығынмен есептеуге болады, бірақ бұл әдетте әрбір мәміледе 2-3 теңгеден аспайды.


Б. Сатуов