Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қарағандыда жалған куәлікпен автобус жүргізген ер адам ұсталды

AstanaTV
25.02.2022ж. 20:00
1288
Қарағандыда жалған куәлікпен автобус жүргізген ер адам ұсталды

Қарағандыда полицейлер жалған куәлікпен жолаушылар автобусын жүргізген ер адамды ұстады. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Жүргізушінің заңсыз құжатпен жүргені  осы ашушаң кондуктордың  арқасында анықталған. Ол  15 жастағы мектеп оқушысына қол жұмсап, автобустан түсіріп жібермекші болған. Оған баланың оқушы билетін көрсетіп, 40 теңге ұсынғаны ұнамай қалыпты. Жасөспірімнен ересектерге төленетін 80 теңгені талап етіп, жанжалдасқан.  Енді ол әкімшілік жауапқа тартылып, сот арқылы айыппұл төлейді. Жалпы осы бір тәулікте Қарағандыдағы қоғамдық көліктерде 4 жүзге тарта заң бұзушылық анықталған.  

А. Қуаш