Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Жаңа экологиялық Кодекс оралдық өндірушілерді тығырыққа тіреді

AstanaTV
25.02.2022ж. 20:00
1146
Жаңа экологиялық Кодекс оралдық өндірушілерді тығырыққа тіреді

Жаңа экологиялық кодекс оралдық кәсіпорындарды тығырыққа тіреп отыр. Өйткені жаңа заңда өндіріс кезінде бөлініп шығатын парниктік газды азайту міндеттелген. Бұл   талап оралдық өндірушілерді қиын жағдайда қалдырды. Мысалы, оралдық кірпіш зауытының өніміне Батыс Қазақстан облысы емес, көршілес Атырау, Ақтөбе облыстарынан да сұраныс жоғары.  Жылына 50 миллион силикат кірпіш пен құрылысқа қажетті қоспалар шығаратын кәсіпорында 400 адам жұмыс істейді. Егер экологиялық кодекстің талабын орындауға мәжбүр болсақ, амалсыздан өндіріс қуаттылығын  азайтып, жүздеген жұмысшыны қысқартамыз, дейді оралдық кәсіпкерлер.

Мұхамеджан КЕНЖЕҒҰЛОВ, «БҚО ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:


Азайту үшін біз өнімді азайтуымыз керекпіз. Өнімді азайту үшін біз тасты азайтуымыз керек. Тас азайған соң, кісілердің санын азайтуымыз керек. Сосын құрылысшыларға тас жетпей жатыр. Мысалы, былтыр 50 миллион тас шығардық. Соның өзі жетпей жатыр. Ал ана экологиялық қазіргі тәртіпке сүйенсек, біз 35 миллионнан артық шығармауымыз керекпіз.

Ал бұдан кейін құрылыс материалдарына тапшылық туындап, жағдайдың қиындауы мүмкін. Батыс Қазақстан облысында іссапармен жүрген Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов бұл жағдайды жоғарыға жеткіземін деді. Оның айтуынша, Батыс Қазақстан облысы үшін  ауыз су мен жол мәселесі де өзекті  болып отыр.  

Аманжан ЖАМАЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ең біріншісі – жол, мәселесі. Таза су мәселесі. Мен енді қанша уақыт депутат болып келе жатырм, төрт шақырылымның депутаты болып келемін. Сол мәселелер қалай болды, солай қалды. Бірақ шешіліп жатыр, бірақ әлі де 100 пайыз шешілуге әлі де жетпей келе жатырмыз.


Е. Карин