Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Салықтың он есе өсуі шетелдік инвестицияның кетуіне әкеледі» - қауымдастық

AstanaTV
28.02.2022ж. 20:00
974
«Салықтың он есе өсуі шетелдік инвестицияның кетуіне әкеледі» - қауымдастық

"Ақ" пен "Сұр"-лардың арасындағы дау басылар емес. Майнингке салынатын салық өскеннен кейін шетелдік инвесторлар нарықты тастап кетуі мүмкін. Ал, отандық компаниялар инвестициясын қайтарып үлгермей, шығынға батады. Электр энергиясын тапшылығы да жығылғанға жұдырық болып тұр. Салаға жауапты Ұлттық қауымдастық пен майнинг ферма қойжайындары БАҚ өкілдеріне осылай деп шағымданды. Майнингтің бүгінгі жағдайын баяндады. Толығырақ келесі бейнематериалда.

"Салықты 10 есе өсіріп, табыс таба алмайды". Қазақстанның Блокчейн және деректер орталығы индустриясы ұлттық қауымдастығының басшысы мәлімдемесін осылай бастады. Оның айтуынша,  тау-кен өндіруге салынатын салықты жоспарланған 10 есеге арттыру олар үшін қымбатқа түседі.

Алан ДОРДЖИЕВ, БЛОКЧЕЙН ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР ОРТАЛЫҒЫ ИНДУСТРИЯСЫ ҰЛТТЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Өкінішке орай, қазақстандық компанияларға салықты 10 есе өсіріп, керемет табыс таба алмайды. Қазақстандық компаниялар негізінен хостинг бизнесін ұсынады. Нәтижесінде бізде жоспарланған жаңашылдықтардан не бар? Тау-кен өнеркәсібіне салынатын салық өскеннен кейін шетелдік инвесторлар біздің нарықты тастап кетуі әбден мүмкін. Ал отандық компаниялар инвестициясын қайтарып үлгермей, шығынға батып, ондағы қарапайым жұмысшылар табыс көзінен айырылады.

Майнер Дін-Мұхаммед Маткенов өз кезегінде криптовалюталарды өндіру үшін техникалық регламенттерді анықтау қажет екенін түсіндірді. Оның айтуынша, қазіргі салық мөлшерлемесі тұтынылған электр энергиясы үшін 1 теңгені құрайды дейді. Ал, оны 10 теңгеге өсірсе, жағдай қиындайтынын жеткізді.   

Дін-Мұхаммед БАТКЕНОВ, КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ:

Жаңа жылдан бастап сағатына киловатт үшін 1 теңге төлейміз. Менің табысым айына 78 миллион теңге. Бұл жылына шамамен 1 млрд теңге. Қазір 1 теңгедегі бағам қалыпты. Біз жоғары мөлшерлемеге бара алмаймыз. Оны менің қалтамда көтермейді.

Сонымен қатар, жиналғандар «ақ» және «сұр» кеншілер арасындағы еңбек жағдайының тең еместігіне шағымданды. Олардың айтуынша, Қазақстанда цифрлық валюталарды жасау сала ретінде тану керек, содан кейін барлық кеншілерден техникалық регламенттерді сақтауды талап ету қажет. Ал, электр қуатын көп тұтынса, оны өшіріп тұрады. Бұл кезде заңды майнинг фермалар ғана электр жарығынан ажыратылатынын айтты. Бірақ «сұр» кеншілер бақылаушы органдарға көрінбейтінін, сондықтан олар өздерінің заңсыз жұмысын жалғастыра беретінін түсіне алар емес.

Жанат ӘЛДЕБЕРГЕНОВ, КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ:

Бізге техникалық регламент керек. Жабдықтарды Қазақстанға әкелгенде шекарадан тауардың қайда апарылып жатқанын сұрауы керек. «Міне, менің жүйелік операторға техникалық шарттарым, міне, менің рұқсаттарым» деп айту керек. Әйтпесе, қазір біз «сұр» фермалардың белгілі бір санын анықтадық, бірақ жабдықтар әлі де елге кіруді жалғастыруда.

Бұған дейін, мемлекет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені көтерген еді. Ол саладағы көлеңкелі бизнесті анықтауды тапсырған. Үкіметке 1-ші сәуірге дейін криптовалюта өндіру саласын реттеу және дамыту бойынша шешімдердің толық пакетін әзірлеуді жүктеген болатын.

Ә. Дүкембаева