$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ел басына күн туғанда алдыңғы шептен көрінетін мамандық иелеріне мың алғыс

AstanaTV
01.03.2022ж. 20:00
1714
Ел басына күн туғанда алдыңғы шептен көрінетін мамандық иелеріне мың алғыс

Қаңтар оқиғасында алдыңғы шептен табылған азаматтарға мың алғыс! Алматылықтар қақтығыс кезінде басын қауіпке тіккен мамандық иелерін бүгінгі мерекемен құттықтады. Олар өрт сөндіру қызметкерілері мен дәрігерлерге, БАҚ өкілдеріне ризашылықтарын білдірді. Бейбіт күннің батырлары келесі бейнематериалда.

Қаңтардағы қақтығыста қатты зардап шеккендердің бірі алматылық  Бексанат Сикибаев. Өрт сөндіру бөлімінің басшысын содырлар аяусыз ұрып-соққан. Оң аяғын сындырып, денесінің сау-тамтығын қалдырмаған.

Бексанат СИКИБАЕВ, АЛМАТЫ қ. 5 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:
 
Шабуылдан кейін міне 2-айға жуық ем қабылдап бүгін жұмысқа шықтым. Толық оңалып кеттім деп айта алмаймын. Оған біраз уақыт керек. Сол күні мені қаруланған азаматтар қолдарына резеңке шоқпар ұстаған адамдар ұрып-соқты.

 
Содырлар сойқан салған күндерді ұмыту қиын. Төтенше жағдайлар департаменті кақтығыс кезінде 8 маманының зардап шеккенін айтты.

Руслан ҚАСЫБАЕВ, АЛМАТЫ қ. ТЖД БАСТЫҒЫ:
 
Ең қатерлісі аяқ-қолы сынғаны болды, оқ жарақатын алған азаматымыз болды. Сонымен қатар 18 техникамыз оның ішінде 5-уін өртеп жіберді.
 
Тәртіпсіздік кезінде содырлар оқиға орнынан хабар таратуға барған «Астана» телеарнасының операторын да соққыға жыққан. Камерасын күл талқан етіп сындырып, өзі жараланған еді.  

Әсет ЕЛЕМБАЕВ, «ASTANA TV» ОПЕРАТОРЫ:

Сол күні әдеттегідей жұмыста жүрген болатынбыз. Түсірілімге шыққанда белгісіз біреулер камерама жармасып, мені жерге жықты. Басымнан тепкілеп, қолымды жаралады. Әлі күнге дейін саусақтарым бүгілмейді.
 
Қақтығыс кезінде ақ халаттылар да басын қауіпке тігіп алдыңғы шепте жүрді. Күніне 100-ден аса науқасты қабылдап, ем-жасады.

Ғазиз ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ, АЛМАТЫ №7 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
 
Аяқ-қолының жарақаттарымен, бас-миының жарақаттарымен және де жарылғыш заттардан зардап шеккен пациенттер де түсіп жатты. Басты қиындық бір мезетте пациенттердің ауыр жарақаттармен түскені болды.
 
Бүгінгі күннің батырларының еңбегін қала тұрғындары да жоғары бағалайды.

БЛИЦ:

- Олар шынымен батырлар. Себебі олар қиындықта әрдайым көмектеседі. Және қандай жағдай болса да олар бәрібір көмектесу жолын табады.     

- Дәрігерлер, өрт сөндірушілер бәрі адамдардың өмірін құтқару үшін өздерінің өмірін қиюға дайын. Осы мамандық иелеріне көп-көп алғыс айтамын.

Ә. Лесбек