Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«ORDA FM» радиосы керегесін кеңейтті

AstanaTV
01.03.2022ж. 20:00
1093
«ORDA FM» радиосы керегесін кеңейтті

«ORDA FM» радиосы бүгіннен бастап Алматы қаласында хабар таратуды бастап кетті. Ұжым тәулік бойы, аптасына 7 күн үзбей елден ақпарат жеткізіп, тындармандарын әсем-әуен, әуезді күймен сусындатуды мақсат еткен. Радио басшысының айтуынша, ең бастысы сапалы музыка және ең өзекті ақпараттарды жедел жеткізу. Сондай-ақ, елордадан Алматыға хабар тарататын алғашқы радио болып тарихта қалатынын айтты.

Кирилл ВОЛКОВ, "ORDA FM" РАДИОСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

"Orda FM" 9 жыл бойы елордалықтарды қуантты. Енді бүгіннен бастап, Алматы қаласында хабар таратудамыз. Алғыс айту күніне, көктемнің алғашқы күнінде бастағымыз келді. Қала қонақтары мен тұрғындарын мерекемен құттықтауды жөн көрдік.  Ең қызығы Қазақстан бойынша тұңғыш рет елордадан Алматыға хабар таратамыз. Бұрын соңды мұндай болмаған, яғни Алматыдан Астанамызға таратын еді, енді керісінше.


Салтанатты шараға өнер адамдары мен қоғам қайраткерлері арнайы келіп қатысты.  Олар радионың мегаполистегі филиалының ашылуына қатысып, радио тындармандарына ізгі-тілектерін жеткізді.

Нұрлан ҚОЯНБАЕВ, АКТЕР:

Адамдар жұмыс істейді, еңбек етеді,содан соң үйге қайтып бара жатқанда радио тыңдаймын, ән тыңдаймын. Көңіл-көтеру индустриясында бәріміз жұмыс істеп жатырмыз ғой, сондықтан түрде дамыту керек. Өйткені өзіміздің радио, телеведение, көретін боламыз.


Ә. Дүкембаева