Бүгін "Алғыс айту" күні. Осыған орай "Астана арнасында "Жомарт жүрек" телемарафоны өтті. Қайырымдылық жобасы тікелей эфирде 4 жарым сағат бойы көрерменге ұсынылды. Жобада Түркістан облысының тұрғыны Ұлжалғас Досыбаеваға көмек көрсету мақсат болды. Көпбалалы ана ұлы мен жарының ем-домына қаражат таппай, арнамызға жүгінген еді. Арна ұжымы арнайы телемарафон ұйымдастырып, отбасыға қолдау білдірді. Қайырымдылық жобасы, яғни емге ақша жинау әлі жалғасуда. Жақсылық жасауға асығайық!
Б. Сатуов