Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов тағы да істі болды. Бұл жолы ол жол апаты бойынша тергелмек. Бұрыңғы шенеунік тізгіндеген көлік «ГАЗель» автокөлігінмен соғылған болатын. Жүк көлігінің жүргізушісі дене жарақат алған. Оқыс оқиға ақпан айының 14 күні «Павлодар-Нұр-Сұлтан» тас жолының бойында болды. Полицияның дерегінше жол апатына 3 бірдей көлік түскен. «Lexus LX 470» көлігін тізгіндеген жүргізуші, Болат Бақауов мінген «Lexus LX 570» көлігін соққан. Осының салдарынан экс-әкімнің темір тұлпары алдында келе жатқан «ГАЗель» автокөлігіне соғылыпты. Жол апатына қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.
Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Жол апаты бойынша Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды. Сараптама жасалды.
Естеріңізге салайық, Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов 2020 жылдың мамырында қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін 3 жыл 6 айға шартты түрде сотталған болатын. Бірақ, былтырдан бері экс әкім мерзімінен бұрын босатуын сұрап сотқа арызданған. Шағымды Павлодар қаласының нөмірі 2-ші соты қанағаттандырмай қойған еді. Бұнымен де келіспеген Болат Бақауов аппелациялық сотқа арызданды.
Агидель ИБРАЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Павлодар облыстық сотының сот алқасы, қылмыстық іс бойынша бірінші сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз қалдырып, сотталған Болат Бақауовтың жеке шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. Қаулы заңды күшіне енді.
Ө. Қуанар