$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде такси қызметі қымбат елдер арасында екінші орында тұр

AstanaTV
03.03.2022ж. 20:00
1598
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде такси қызметі қымбат елдер арасында екінші орында тұр

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде такси қызметі қымбат елдер арасында екінші орында тұр. Соған қарамастан таксиге отыратындар көбеймесе азаяр емес. Бір ғана қаңтар айында 161 млннан аса жолаушы осы қызметті пайдаланған. Ал түскен табыс мөлшері 325 млнға теңгеге жуықтайды. Бұл  EnergyProm агенттігінің дерегі. Әріптесім такси бағасының неге қымбаттағанын анықтап көрді. Оған әрина жанар май, автобөлшектің бағасынан басқа да факторлар әсер етіп отырғанын анықтады.

БЛИЦ:

- Иә такси бағасы қымбаттап кетті. Біріншіден ол әсіресе часпик уақытында кем дегенде примерно 1000-1200 тг ден басталады бағалары. Это  күнде жүре берсең даже средний зарплатаға жетпей қалады.

Біз сұрау салған елордалықтардың қай қайсысы болсын такси бағасының қымбатттап кеткеніне шағым айтты. Тіпті, бір бағыттағы бағаның өзі күніне сантүрлі құбылады деді. Арнайы зерттеу орталықтары да шағымның орынды екенін дәледеп берді. Қазақстан такси бағасы қымбат елдер ішінде Әзірбайжаннан кейін 2 орында тұр. Одан әрі Украина, Молдова, Армения елдері жалғайды. Мұның себебін қауымдастық басшысы бәсекенің жоқтығынан деп түсіндірді. Әрі саланы қадағалайтын арнайы құзырлы мекеме де жоқ дейді

Медет ҚҰРМАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ТАКСИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТӨРАҒАСЫ:

Мобильді қосымшалардың арасында бәсекелестік жоқ. Біз нақты көріп тұрмыз нарықта 1-2 компания ғана бүкіл жақта қызмет көрсетіп жатыр да. Сондықтан, жолаушыларға таңдайтын кейбір қалаларда басқа мүмкіншілік жоқ. Тек қана осыларды қолдану керек. Олар да әрине енді, нарықтың көлемі өскені  оларға ыңғайлы.

Дейтұрғанмен нәпақасын жолаушы тасып тауып жүргендер жетерлік. Олар заңсыз жұмыс істеуді жөн көреді. Өйткені заңды тіркелу үшін оның талаптары мезі қылады. Көлікті безендіру, сақтандыру, салық төлеу міндеті, біраз шығынды талап етеді. Ал бұл қаншалықты қауіпсіз? Ол жағына ешкім кепіл бола алмайды. Заңды жұмыс істеп жатқан таксопарктерге де хабарласып осы сауалға жауап іздедік.

Біздегі жүргізушілер міндетті түрде барлық тексерістен өтеді. Оларды таксопрак жалдайды, арнайы сауалнамалар, тексерістер болады, соларды толтырады.

Дегенмен такси қызметін пайдаланатындар көп жағдайда қауіпсіздікті елей бермейді. Оларға діттеген жерге жылдам жету маңызды.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше такси қызметін алматылықтар жиі пайдаланады екен. Үштікті -  Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары қорытындылайды.

Елде былтырғы жылмен салыстырғанда таксиде жол жүру бағасы 7%- ға өскен. Қауымдастық такси қызметін Үкімет өз бақылауына алмайынша, баға өсе беретініне сенімді. Сонымен қатар отандық компанияларға жол ашса, бәсеке болатынын, бәсеке болған жерде баға арзандауы мүмкін. Сонда ғана қауіпсіз және қолжетімді бағадағы қызметке қол жеткізетініміз сөзсіз.