$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Түркияның вице-президенті Фуат Октайды қабылдады

AstanaTV
04.03.2022ж. 20:00
1061
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Түркияның вице-президенті Фуат Октайды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Түркияның вице-президенті Фуат Октайды қабылдады. Олар Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективалары мен халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр айында Түркияға жұмыс сапарымен барады. Шақыртуды шын көңілмен қабылдағанын айтып, Режеп Тайип Ердоғанға жүрекжарды сәлемін жолдады.Мемлекет басшысы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты байланыстардың деңгейі жоғары екенін атап өтіп, қарым-қатынастарды одан әрі жандандыра түсу қажет екеніне назар аударды. Ал  Фуат Октай Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық байланыстардың 30 жылдығына орай жолдаған түрік басшысының құттықтау хатын жеткізді. Түркияның вице-президенті елімізде сын-қатерлерді еңсеру үшін қабылданған шараларды және Қазақстан Президентінің мықты әрі батыл басшылығымен жүзеге асырылып жатқан реформаларды жоғары бағалайтынын айтты. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның биыл қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысу туралы шешіміне ризашылық білдірді.

Т. Әлжанов