Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Доллар 520 теңгеден сатылуда

AstanaTV
05.03.2022ж. 20:00
1586
Доллар 520 теңгеден сатылуда

Доллар бағасы тағы да құбылды. Сәйкесінше теңге құлдырады. АҚШ валютасы кешегі күнмен салыстырғанда 1 теңге 92 тиынға қымбаттаған. Ұлттық Банктің ресми бағамы 499 теңге 20 тиынға тең. Ал Елордадағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 520 теңгеге дейін саудаланып жатыр. Айта кетейік, теңгенің бірден әлсіреуіне жол бермеу үшін, Ұлттық банк алтын валюталық қордан интервенция жасап келеді.

Б. Сатуов