Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстан мен Түркия кәсіпкерлері 472,6 млн долларға меморандум бекітті

AstanaTV
05.03.2022ж. 20:00
1413
Қазақстан мен Түркия кәсіпкерлері 472,6 млн долларға меморандум бекітті

Қазақстан мен Түркия кәсіпкерлері жалпы құны 472 млн доллардан асатын   келісімшартқа қол қойды.  Агроөнеркәсіптік кешен, денсаулық сақтау, машина жасау, металлургия, жеңіл өнеркәсіп, логистика және туризм саласындағы жобаларды іске асыру бойынша 10 құжат бар. Алматы қаласында екінші фармацевтика зауытын, Нұр-Сұлтан қаласында Медициналық және индустриялық респираторлар шығаратын зауыт, Алматы қаласында  автожолдарға арналған металл болат конструкцияларын өндіру зауыты және Нұр-Сұлтан қаласында сауда, ойын-сауық орталығын салу жоспарланған.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Бүгінгі кездесу Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетудегі іс-жүзінде  тиімді қадам болып табылады. Біз түрік серіктестерімізбен инвестициялық ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға және жаңа нарықтарды бірлесіп игеруге дайынбыз және ниеттіміз.

Биыл Түркия үшінші жыл қатарынан Қазақстанға рекордық инвестиция салып келеді.  Құны 27 млрд доллар  508 жоба жүзеге асырылған.

Фуат ОКТАЙ. ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

 
Каспий теңізінде 750 млн долларлық жоба бар, 650 млн долларлық Экспо ғимаратының жобасы, одан басқа «Ақтоғай Мыс» кешені секілді үлкен жобарларға  мердігер болды. Оған қоса 11 айда,  құрылысы қысқа ғана уақытта аяқталған Түркістан халықаралық әуежайы бар. Бұлар да толықтай түрік инвестициясы арқылы жүзеге асты. Қаңтар оқиғаларынан кейін де Қазақстандағы түрік фирмаларының ынтымақтастығы сенімді түрде жалғасып жатыр.

Б. Сатуов