Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Павлодарда жастар көше тазалаушы әйелдерді мерекемен құттықтады

AstanaTV
05.03.2022ж. 20:00
1450
Павлодарда жастар көше тазалаушы әйелдерді мерекемен құттықтады

«AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының «Jas Otan» жастар қанаты көше тазалаушы әйелдерді мерекемен құттықтады. Оларды тек құттықтап ғана қоймай, бір күндік демалыс берді.  Өздері олардың орнына жұмысқа шығып, көше тазалады.  Бұл, қыстың суығы мен жаздың аптап ыстығына қарамастан тынбай еңбек ететін жандарды қуантып тастады. Әйел-аналдарды  мерекелерімен құттықтауға 5512 әскери бөлімінің сарбаздары да келді.  

Айман АСАНОВА, КӨШЕ ТАЗАЛАУШЫ:

Біз үшін күтпеген тосын сый болды. Бүгін әдеттегідей жұмыс істеуге келгенбіз. Енді үйге қайтатын болдық. Жылына бір рет бұндай сый жасау өте керемет! Жастарға рақмет айтамын.

Санира ЖҮСІПОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Біз жастар, аналарымызды, әпкелерімізді ару жандарды қадірлеуіміз керек. Ол бізді өмірге әкелетін жандар. Сонымен қатар наурыз айының керемеи мерекесі халықаралық әйелдер күнін біздің қала тазалығын сақтайтын әйел жандардан бастадық.


Ө. Қуанар