Қырғызстанда болған жер
сілкінісі Қазақстанның оңтүстік аймақтарында едәуір сезілуде. Бұл жөнінде
Ұлттық сейсмологиялық қадағалау және зерттеу оралығы мамандары алдын ала
білген. «Бірақ сөзімізге құлақ асқан
ешкім болмады», - дейді «Астана» арнасына сұхбат берген орталықтың директоры
Таңатқан Абақанов.
Жер сілкінісі кеше жергілікті
уақытпен сағат бестен 17 минут кеткенде Қырғызстан аумағында болған.
Магнитудасы 6,5 баллдық зілзаланың күші Алматыда 2 баллдық қуатпен сезілді.
Шымкент пен Таразда оның қуаты 3 баллға жеткен. Абырой болғанда, зардап
шеккендер жоқ. Институт өкілдерінің мәліметінше, жер қыртысында жиналып қалған
дүмпулерді бәсеңдетіп, жойқын зілзалаға тосқауыл қоюға мүмкіндік бар. Ол үшін
қала іргесінде сынақ жұмыстарын жүргізетін екі полигон салу қажет. Мұндай
тәжірибе Қытайда жүйелі жүзеге асып келеді әрі бұл жоба Үкіметке
ұсынылған.
Таңатқан Абақанов, «Ұлттық
сейсмологиялық қадағалау және зерттеу орталығы» АҚ директоры:
Полигонда жер сілкінісінің дүлей күшін азайту
тәсілдерін қолданайық дегенде, Білім және
ғылым министрлігі статистика керек деді. Статистика жер сілкінісінде мыңдаған, жүздеген жылда
жиналады. Осы жағдайды ескере отырып, Үкіметке тағы айтатынымыз, біздің
мәліметімізге құлақ салып, осы Алматымызды сақтап қалу тәсілдеріне күш-жігерді
жұмсау керек.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ