Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Доллардың ресми бағамы 510 теңгеге көтерілді

AstanaTV
09.03.2022ж. 20:00
1175
Доллардың ресми бағамы 510 теңгеге көтерілді

Доллардың ресми бағамы 510 теңгеге көтерілді. Қазір Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының ақша айырбастау пункттерінде долларды орташа сатып алу құны  - 511,5 теңге,ал  сату бағасы- 517,5 теңге. Бүгін Ұлттық банк пен «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамы бірлесіп «теңге – доллар» сауда-саттығының регламентін өзгерткен болатын. Сауда-саттық Франкфурт аукционы форматында жүргізілді. Ол  тұрақсыздықтың алдын-алуға және сыртқы факторлар тарапынан қысым жасауға жол бермеу мақсатында қабылданған.  

Андрей ЧЕБОТАРЕВ, ҚАРЖЫ САРАПШЫСЫ:

Франкфурт аукционының сауда – саттығы-бұл алыпсатарлыққа орын бермейтін арнайы әдіс. Бұл сауда-саттық 2020 жылдың наурыз айында болды, ол кезде мұнай өте қатты төмендеді және бізде валюта нарығында осындай дүрбелең болды. Валюта нарығында франкфурт әдісі бағаны тұрақтандыруда жақсы әдіс.

Б. Сатуов