Владимир Зеленский Украинаны мүмкіндігінше тезірек әскери ұшақтармен қамтамасыз етуге шақырды. Дер кезінде серіктестері әуе кеңістігін жаппаса, онда олар ауқымды гуманитарлық апатқа да жауап береді деп отыр. Украинада жарылыстар мен оқ атулар басылған жоқ. Киевте, Чернигов және Житомир облыс орталықтарында, сондай-ақ Васильков қаласында әуе дабылы естіледі.
Владимир ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:
Украина Ресей шапқыншылығының бірінші күнінен бастап серіктестерге қайталап айтуда. Егер сіз аспанды жаппасаңыз, сіз де осы апат үшін жауап бересіз. Ауқымды гуманитарлық апат. Ресей бізге қарсы зымырандарды, авиацияны, тікұшақтарды пайдаланады. Бейбіт тұрғындарға қарсы. Біздің қалаларға қарсы. Біздің инфрақұрылымға қарсы. Бірақ әлі шешім жоқ.
Қазір Ресей санкцияларға қарсы тұруды жалғастыруда. Елден кететін брендтердің тізіміне 120 Mothercare дүкені қосылды. Интернеттегі сатылымдар да жабық. Ұлыбритания үкіметі Ресейге авиациялық және ғарыштық өнімдер мен технологияларды экспорттауға тыйым салды. Сонымен қатар, 7 наурызда Беларусьте Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің 3 раунды өтті. Кездесу 3 сағаттан астам уақытқа созылды, бірақ әлі айтарлықтай нәтиже жоқ. Жақында келесі раунд болады.
Игорь КОНАШЕНКОВ, РФ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Операция кезінде Украинаның әскери инфрақұрылымының біраз нысаны жойылды. Олардың ішінде Украина Қарулы Күштерінің басқару пункттері мен байланыс тораптары, әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымыран кешендері, сондай-ақ радиолокациялық станциялар бар.
Т. Әлжанов