$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Павлодарда спорт кешенінің төбесі опырылып, жаттықтырушы құлап кетті

AstanaTV
09.03.2022ж. 20:00
873
Павлодарда спорт кешенінің төбесі опырылып, жаттықтырушы құлап кетті

Павлодарда спорт кешенінің төбесі опырылып, жаттықтырушы құлап кетті.    Оқыс оқиға жабық футбол манежінің екінші қабатында болған. 22 жастағы жаттықтырушы жоғары қабатқа көтеріле бергенде еден опырылып, спортшы бірінші қабатқа құлап түскен. Бұл кешен өткен жылдың соңында қолданысқа берілген. Салынғанына әлі бір жылда толмаған нысанның құрылысына қазынадан 1,2 млрд теңге жұмсалған көрінеді. Мұнда көбіне мектеп жасындағы балалар  жаттығады. Абырой болғанда,  жоғарыдан құлаған жаттықтырушы  аман. Бас сүйегі сынып, миы шайқалған. Бел омыртқасына  зақым келген дейді дәрігерлер.   

Қуандық ЖҮСІПОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ №1 АУРУХАНАНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
 
Қазіргі уақытта науқас политравма бөлімінде. Жағдайы тұрақты. Өміріне еш қауіп жоқ. Жақын арада ауруханадан шығарылатын болады.

Ө. Қуанар




orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах