$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Халық әкімнің қабинетіне кіре алмайды деген сөз болмауы керек», - саясаттанушы

AstanaTV
09.03.2022ж. 20:00
1336
«Халық әкімнің қабинетіне кіре алмайды деген сөз болмауы керек», - саясаттанушы

Енді мәселе айтып, ұсыныс білдіргісі келетін тұрғындар әкімді кабинетінен іздемейді. Олар өздері аудан, ауылды аралап, бұқараның базынасын тыңдайды. Президент қол қойған әкімдердің қызметіне қатысты Жарлықтың талабы осындай. Саясаттанушы Самат Нұртазаның айтуынша, жұртшылықтың жанайқайы көп жағдайда әкімдерге жете бермейді. Кейбір шенеунік Мемлекет басшысы айтып жүрген «ашықтыққа» білек сыбана кіріспеген дейді.  Жиналысты сылтау етіп, көзбояушылыққа жол бермеу қажеттігін айтады.

Самат НҰРТАЗА, САЯСАТТАНУШЫ:

Халық әкімнің кабинетіне кіре алмайды деген сөз болмауы керек. Несіне кіресіз. Сіз кәдімгідей хат жазуыңыз керексіз әлеуметтік желіде. Ол хатқа жауап алуыңыз керексіз да, шаруа бітуі керек. Кейбір әкімдер «саңырау» естімейді. Оларға сіз айтқандай кабинетіне айлап отырады адамдар. Не үшін барады әкімгі? Жауап ала алмағаннан кейін барады. Сондықтан әлеуметтік желімен жұмыс істеу керек.


Жаңа Жарлық бойынша әкімдер есеп беру жиынында баяндамаға аз уақыт бөліп,   «сұрақ-жауапқа» басымдық береді. Кездесуге мәслихат депутаттары, партиялар, қоғамдық ұйымдар мен оппозиция өкілдері қатысуы тиіс. Бұл өңір басшылығымен жан-жақты диалог құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әкімдер құқық қорғау органдарымен бірлесе азаматтарды  қабылдау өткізуі міндетті. Осылайша әрбір кездесуден жауапкершілік һәм аманат арқалап кетеді. Нәтижесін интернет ресурстарда жариялап отырады.

Т. Әлжанов