$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қоғамдық қабылдаулар енді кабинетте емес, халық шоғырланған жерлерде өтеді

AstanaTV
09.03.2022ж. 20:00
1613
Қоғамдық қабылдаулар енді кабинетте емес, халық шоғырланған жерлерде өтеді

Қоғамдық қабылдаулар енді кабинетте емес, зауыт, фабрика, аурухана, дүкен секілді халық шоғырланған  орындарда өтеді. «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының активінде партияны жаңғырту жұмыстары талқыланды. Партияның халықпен ашық диалогқа шығуы үшін мобилді қосымша іске қосылмақ.  Партия жанындағы қоғамдық кеңес құрамында қайта жасақтау жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, мәслихат депутаттарының да жұмысын жаңғырту қолға алынбақ.

Әбілқайыр СҚАҚОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Бүгінгі кабинеттегі қабылдау -ол өткен заман. Қоғамдық қабылдауды зауыт, фабрика, аурухана, дүкен тағы басқа объектілерде өткізген дұрыс. Барынша үлкен кәсіпорындарда жеке күн сайын жұмыс жасайтын қабылдау бөлімдерін қарастырсын.

Ө. Қуанар