Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қарағанды облысында малдың құтырма ауруына шалдығуына жыртқыш аңдардың тістеуі себеп болған

AstanaTV
10.03.2022ж. 20:00
957
Қарағанды облысында малдың құтырма ауруына шалдығуына жыртқыш аңдардың тістеуі себеп болған

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында малдың құтырма ауруына шалдығуына жыртқыш аңдардың тістеуі себеп болған. Қауіпті вирус кеміргіштерден таралған болуы мүмкін дейді мамандар. Мақаш қыстағында құтырма ауруына шалдыққан 4 ірі қара өртелді. Тағы бес жүз   мал оқшауланған. Қазір республикалық қордан ветеринарлық препараттар бөлініп, сауықтыру шаралары жүргізіліп жатыр. Ауру ошағы зарарсыздандырылып, барлық оқшауланған малға вакцина егіледі. Мақаш қыстағынан ауыл шаруашылығы   өнімдерін сатуға, сырттан шығаруға және бұл маңайға басқа жақтан мал әкелуге тыйым салынды.   Шектеу мерзімі малға вакцина салынғаннан кейін тағы 2 ай жалғасады.  

Данияр МЕРҒАЗИН, ҚР АШМ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:


Ірі қара малының арасында құтыру ауруы анықталды. Республикалық эпизоотияға қарсы күрес отряды  мекемесінің күшімен барлық сауықтыру іс- шаралары  жүргізіледі. Жаңағы өлген 4 бас малға егер тиісті құжаттары сәйкес болса жаңағы дерекқорда болатын болса оған республикалық қордан өтемақы беріледі.

А. Қуаш