$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бүгін - «Дүниежүзілік бүйрек күні»

AstanaTV
10.03.2022ж. 20:00
1081
Бүгін - «Дүниежүзілік бүйрек күні»

Созылмалы бүйрек ауруына шалдыққандар, жылдан-жылға көбейіп келеді. Бұл бізде ғана емес, дүниежүзіндегі денсаулық сақтау саласында үлкен проблемаға айналып отыр. Донар тапшылығы да науқастардың мерзімінен бұрын қайтыс болуына әкеп соғуда. Бүйрек алмастыруды қажет ететіндердің саны әлем бойынша 7 миллионға жеткен.  Ал, Қазақстандағы былтырғы статистикаға сенсек, 7 мың 85 науқас гемодиализбен емделді, трансплантациядан кейін 1700 адам есепке алыныпты. Мұндай жаңа ұстатарлық деректер, Елордада өткен дөңгелек үстелде айтылды. Жауапты министрлік, «Ұлттық бүйрек қоры», республикалық трансплантациялау үйлестіру орталығының өкілдері мен дәрігерлер қатысқан шара «Дүниежүзілік бүйрек күніне» арнайы ұйымдастырылды.

Ә. Дүкембаева