Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Көктемгі егіс науқанында дизельдің бір литрі 176 теңгеден босатылмақ

AstanaTV
10.03.2022ж. 20:00
673
Көктемгі егіс науқанында дизельдің бір литрі 176 теңгеден босатылмақ

Көктемгі егіс науқанына деп диқандарға берілетін дизельдің литрі 176 теңгеден босатылмақ. Мұны Энергетика министрі Болат Ақшолақов бүгін Үкімет отырысында айтты. Оның айтуынша, жеткізу мен сақтау құны ескерілген. Ол биыл сұйық отын тапшылығы туындамайтынына сенімді. Егістікке қажетті 400 мың тонна дизель уақытылы әрі делдалсыз жеткізілетінін хабарлады. Айта кетейік, қазір нарықтағы дизель отынының бағасы 260 теңгеге дейін жетіп отыр.

Болат АҚШОЛАҚОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, министрлік ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ететін негізгі ресурс иелерімен консультациялар өткізді. Оның қорытындысы бойынша 2022 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынының бағасы тоннасына 212 мың теңге немесе литріне 176 теңге болады.

Ал, Премьер-министр Әлихан Смайыловты тыңайтқыш бағасының күрт қымбаттауы алаңдатады. Ол бұған қатысты қарамағындағыларға сын айтты. Сондай-ақ мәселені жіті қадағалайтынын ескертті.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Олардың өнімінің қолжетімді болуы маңызды. Бұл мәселелерді монополияға қарсы органға тапсырдық. Өндірушілермен бірлесіп бұл мәселені тез арада пысықтауымыз керек. Жұмысты ұйымдастыру Роман Склярға жүктеледі.

Ә. Дүкембаева