Өскеменде 100-ден астам азамат қамауда жатыр. Олар жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікке ілінген. Десе де ұсталғандардың кінәсі әлі күнге дәлелденбеген. Бұл туралы депутат Ерлан Саиров мәлімдеді. Оның айтуынша, жауаптылар күдіктілерге қатысты дәлелдерді іздестіру үстінде. Осыған байланысты мәжілісмен бас прокуратурадан арнайы комиссия құруды сұрады. Депутат қамауға алынған жастардың тағыдырына бей-жай қарауға болмайтынын айтты. Сондықтан істі зерделеуге шақырды.
Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ,"AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бүгінгі таңда тек қана мынау сотпен шешу ол дұрыс емес. Өйткені ол жердегі азаматтар Қазақстанның азаматтары. Олардың тағдыры үшін біздің барлығымыз жауап береміз. Мәселе осында.
Депутаттардың сұрағына ашық жауап береміз деген құзырлылардың жауабына бүгін мәжілісмендердің көңілі тола қоймаған сыңайлы. Мәселен депутат Айдос Сарым жиын біз күткендей болмады дейді.
Айдос САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Біздер енді тұрақты түрде күштік құрылыммен басқалармен араласып сөйлесіп жұмыстарына қатысып жүргеннен кейін біраз ақпаратты білеміз енді.Бірақ оны құпия тұрғысынан басқа тұрғысынан айта алмаймыз. Әрине көңіліміз толған жоқ.
Б. Сатуов