«Қаңтар оқиғасы» билік пен қоғамның арасындағы диалогты жаңа деңгейге шығарды. Бұған дәлел – қаңтардың тергеу барысы туралы ашық ақпараттың бұқараға жариялануы. Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Бәшімов осылай дейді. Оның пікірінше, Мәжілісте бұрын-соңды қоғам белсенділеріне бүгінгідей сөз беріліп көрмеген.
Марат БӘШІМОВ, ЕУРОПАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Осы екі айдың ішінде қарым-қатынас өзгерді. Қоғамгер де қатысып, ондай болмаған ғой. Өздері комиссия құрып, өздері барып қарап изоляторларды, кімге қандай зорлық-зомбылық болды. Соны мемлекеттік органдарға айтып, бірге қайта-қайта сұхбат беріп. Менің ойымша, жоғары деңгейге көтерілді. Осыны енді ұстап, әрі таман нығайта берсе.
А. Съезбек