Ертең, яғни 16-шы наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасайды. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлауынша, Жолдауында жуықарада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы, әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылмақ. Мемлекет басшысының Жолдауы ертең сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.
Т. Оспанбаева