Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Месси "Алтын допқа" үміткерлер ондығынан шығып қалды

AstanaTV
15.03.2022ж. 20:00
1893
Месси "Алтын допқа" үміткерлер ондығынан шығып қалды

Кезек, әдеттегідей спорт жаңалықтарында. Онымен әріптесім Асылбек Данияр таныстырады. Асылбек, спорт әлемінде қандай жаңалықтар бар?

Кеш жарық! Атақты спортшы Лионель Месси "Алтын допқа" үміткерлер ондығынан шығып қалды Осы және өзге де ақпараттар сәлден соң.

Қазақстандық теннисші жапониялық қарсыласын 54 минутта жеңді. Осылайша, Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің іріктеуінде финалға жолдама алды. Мастерс турнирінде отандасымыз Юлия Путинцева да екінші айналымға өтті. Ол алғашқы кезеңде АҚШ спортшысын 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Енді келесі сында Швейцария теннисшісімен ойнайды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина та кезекті жеңісіне қол жеткізді. Беларусь өкілін жеңген спортшымыз жарыстың төртінші айналымына шықты. Ойын кезінде Елена 5 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Ал Александр Бублик өзінің есесін қайтарды. Ол доданы екінші айналымда бастаған, екі дүркін Олимпиада чемпионын оңай жеңді. Есеп: 7:6 , 6:3.

Иордания астанасындағы бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Ұлттық құраманың былғары қолғап шеберлері 13 алтын, 14 күміс, 17 қола медаль жеңіп алды. Жалпы командалық есепте Өзбекстан мен Үндістаннан кейінгі үшінші орыннан көрінді. Жастар арасында ел намысын қорғаған 7 спортшымыз бас жүлде иеленді. Ал жасөспірімдердің ішінен 6 боксшы чемпион атанды.

Ойын кезінде футболшы қарсыласын бір ұрып, талдырып тастады. Оқиға Тайландта болған. Жастар арасындағы матчта футболшы ережені бұзып қарсыласын теуіп жіберді. Төрешіні күткісі келмеген командаласы қарсыласын шынтақпен ұрып құлатады. Жарақат алған спортшыны дереу ауруханаға жеткізген. Оның ернін тігуге тура келген. Ал соққыға жыққан спортшы жұмысынан айырылды.

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси "Алтын допқа" үміткерлер ондығынан шығып қалды. ПСЖ шабуылшысының позициясы бір апта ішінде 10-нан бірден жиырмаға түсіп қалған. Ал  "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду екі орынға көтерілді және қазір аралық рейтингте 16-орында. Көш басында Роберт Левандовски, Карим Бензема және Мохамед Салах. Қалған ондық тізімдегідей.

Менде бүгінге осы. Елдегі және әлемдегі спорттың басты оқиғаларын бірінші болып бізден біліңіздер. Лаура, сөз сенде.

Рақмет, Асылбек! Ал, біз жаңалықтарымызды жалғастырамыз.

А. Данияр