Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстан Президенті Түрікменстан басшысы С.Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті

AstanaTV
15.03.2022ж. 20:00
1243
Қазақстан Президенті Түрікменстан басшысы С.Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Түрікменстанның жаңадан сайланған Президенті Сердар Бердімұхамедов жеңісімен құттықтады. Тараптар көп ғасырлық достыққа, тату көршілік пен өзара қолдауға негізделген байланыстарды жалғастыра отырып, Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Түрікменстан басшылығының қуатты әрі өркендеген мемлекет құру жөніндегі стратегиялық бағдарының сабақтаса жалғасатынына сенім білдірді.

А. Съезбек