Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Атырауда төрт жігітті атып тастаған қашқын ұсталды

AstanaTV
16.03.2022ж. 20:00
1200
Атырауда төрт жігітті атып тастаған қашқын ұсталды

Атырауда төрт жігітті атып тастаған  Маңғыстау облысының тұрғыны болып шықты. Ол Құлсары қаласына қашып бара жатқан жолда ұсталды. Қазір тергеу абақтысында жатыр. Жұрттың үрейін ұшырған қылмыс облыс орталығындағы «Авангард» ықшам ауданында тіркелген.

29 жастағы жігіттің ақ түсті Renault Duster көлігіндегі адамдарға тапаншамен оқ жаудырғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған.  Ойындағысын іске асырған соң ізін жасырады. Полицейлер көп ұзамай сол маңнан тағы бір адамның мәйітін тапқан. Оқиға салдарынан 23 және 27 жастағы үш азамат қаза тапты. Тағы 27 жастағы тұрғын жансақтау бөлімінде жатыр.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған факіт бойынша Қылмыстық Кодекстің 99-бабы, 2 -бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде. оқиға күдікті мен жәбірленушілердің өзара  келіспеушілігінен орын алған.

Оқиға болған жерде қылмыстың ешбір ізі жоқ. Түнде жауған қар бәрін басып тастаған. Күдікті қолындағы тапаншасын лақтырып кеткен. Полицейлер оны әлі таппады.

Б. Надірқызы