Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Дағдарысқа қарсы жоспар 25 наурызға дейін дайын болуы тиіс

AstanaTV
18.03.2022ж. 20:00
1276
Дағдарысқа қарсы жоспар 25 наурызға дейін дайын болуы тиіс

Дағдарысқа қарсы жоспар 25 наурызға дейін дайын болуы керек. Премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметке осындай тапсырма берді. Арнайы жоспар экономиканы қолдауға, инфляцияны бақылауды күшейтуге,  валюта нарығын тұрақтандыруға,  жаңа жұмыс орындарын құруға,  сондай-ақ  кәсіпкерлікті дамытуға бағытталады.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Мемлекет басшысы елімізді қарқынды түрде дамыту,  экономиканың тұрақтылығы мен  бәсекеге қабілеттілігін арттыру  және халықтың тұрмыс деңгейі мен  әл-ауқатын жақсарту жөнінде  аса ауқымды міндеттер қойды.  Осыған орай Ұлттық экономика министрлігіне, Ұлттық банк және жауапты мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Дағдарысқа қарсы жоспарды 25 наурызға дейін енгізуді тапсырамын.


Әлеуметтік азық-түлік өнімдерін сатып алу үшін қаржыландыру көлемі 140 млрд теңгеге артады. Бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Ерлан Баттақов айтты. Оның айтуынша, бағаның негізсіз өсуіне және алыпсатарлыққа жол бермеу үшін республикалық және жергілікті атқарушы органдар дүкендердің сауда үстемесін сақтауы бойынша тұрақты тексерулер жүргізеді. Ведмостваның мәліметінше, елімізде 1,3 млн тонна азық-түлік   қоры бар, бұл -халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін толық жеткілікті.

Ерлан БАТТАҚОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

«Айналым схемасы» шеңберінде сатып алуды қаржыландыруды 54,6-дан 100 млрд теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылданды. Ал тұрақтандыру қорларын есепке алатын болса, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу үшін қаржыландырудың жалпы көлемі 140 млрд теңгеге дейін жеткізілетін болады.


Б. Сатуов