Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Атырауда субсидияны заңсыз бөлді деп айыпталған облыс әкімінің орынбасары ақталды

AstanaTV
18.03.2022ж. 20:00
1143
Атырауда субсидияны заңсыз бөлді деп айыпталған облыс әкімінің орынбасары ақталды

Атырауда ауыл шаруашылығына арналған субсидияны заңсыз бөлді деп айыпталған облыс әкімінің орынбасары ақталды. Қалалық №2 сот Қайрат Нұрлыбаевты кінәсіз деп таныды. Ол ауыл шаруашылығы басқармасын басқарып тұрған кезде - «Бұйырғын» кооперативіне инвестициялық субсидия беру арқылы - 83 млн теңге жымқырды деп айыпталған. Прокурор әкім орынбасарын 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Сотта инвестициялық субсидия беру өтініші мен сараптама ұйымының мақұлдауы Нұрлыбаев лауазымдық қызметке келмес бұрын алынғаны дәлелденген.

Ержан ӘЛІПҚАЛИЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

ҚК 189 бабы 4 бөлімі 2- тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасауды кінәсіз деп танылсын. Олардың әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмауы байланысты ақталсын. Қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеті мен қылмыстық жауапқа заңсыз тартуы арқылы келтірілген зиянды өтеуге құқылы деп танылсын.

Қайрат НҰРЛЫБАЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Соттың басталғанына бүгін бір жыл болып тұр екен. Бір жыл ішінде әркімге де оңай болады деп есептемеймін. Себебі жазықсыз адамға жала жабу деген ол  өте қиын нәрсе деп есептеймін. Сот  бүгін әділдігін көрсетті деп ойлаймын.

Абыройына нұқсан келген шенеунік өзіне жала жапқандардың үстінен шағымдану туралы ойланатынын айтты. Айта кетейік, Қайрат  Нұрлыбаевтан өзге Атырау облысының әкімінің тағы екі орынбасары жемқорлық ісімен айыпталуда. Нұрлан Таубаевқа қатысты сот ісі де аяқталуға жақын. Ал Бақытгүл Хаменованың ісі әлі тергелуде.

Б. Надірқызы