Ел жастары Президенттің жаңа бастамасына қолдау білдірді. Алматыда 15 мыңнан астам студенттің қатысуымен «Жаңа Қазақстан» концерт-фестивалі өтті. Мерейлі шара елді бірлікке шақырып, жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған. Танымал тұлғалар мен эстрада жұлдыздары өнер көрсеткен концертке әріптесім Әсем Лесбек те қатысты.
Алматылық жастар бүгін түс ауа арена алаңына жиналды. Қолдарына көк туымыз бен түрлі плакат ұстаған. Олар Президенттің жаңа бастамалары жаңашылдықтың бастауы деп қабылдайды.
Танымал әншілер, бишілер, блогер, кәсіпкерлер де осында. Олар жастарды қолдау үшін арнайы келген.
Марғұлан ТҰРСЫНОВ, ZTB МЕДИА-ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:
Бұл кеш менің ойымнан шықты. Өте жақсы, өте креативті. ЗТБ.кз жобасы атынан ол әлеуметтік жоба соның атынан қатысқым келіп отыр. Басты мақсат-жастарды қолдау. Креативті жастарды қолдау. Жаңа, әсерлі контент жасау.
Кәсіпкер Сырымбек Тауда, талантты жастарды қашанда қолдауға дайын екенін жеткізді.
Сырымбек ТАУ, КӘСІПКЕР:
Жастар боп біз Жаңа Қазақстанды құруымыз керек. Жаңа Қазақстанда жалпы жұмыс күші көбейсе, жастарымыз еңбекқор болса жаңа сахнада да айттым. Біз ешқашан жаманшылық ойламайық. Қазақстанды жақсылап болашақты тәрбиелейік.
Эстрада әншілері де шарадан тыс қалмады. Олар жиналғандарға мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Нұржан КЕРМЕНБАЕВ, ӘНШІ:
Жастардың руханиятын көтеру керек. Жастармен жұмыс жасау керек. Мен мына эмоция үшін келдім. Шын айтайын. Барлығын сағындық. Көрермен де біздер де өнер адамдары концертті сағындық. Сондықтан алғысым шексіз.
Нұрболат ҚАНАЙ, ӘНШІ:
Бүкіл әлемде тыныштық болғанын қалаймыз деген мақсатта ұйымдастырылып жатқан концерт деп ойлаймын. Адамдардың ән тыңдап, демалғаны проблемаларды бір-екі сағатқа ұмыту мәселесінде келген жақсы деп ойлаймын.
Жастар болып елді бірлікке, берекеге шақыратын акциялар алдағы уақытта жалғасын табады дейді ұйымдастырушылар. Жаңа Қазақстан жастар қозғалысы Президенттің бастамасын қашанда қолдауға әзір екендерін көрсетті.
Ә. Лесбек