$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылордада 1 литр сүтті 14 жарым млн.теңгеге сатып алмақ болған

AstanaTV
24.03.2022ж. 20:00
1623
Қызылордада 1 литр сүтті 14 жарым млн.теңгеге сатып алмақ болған

Бір литр сүт- 14 жарым млн. теңге. Қызылорда облысы Шиелі аудандық білім бөлімі мемлекеттік сатып алу сайтына осындай лот жариялаған. Оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері баға мониторингі кезінде анықтапты. Сүттің құнын қолдан өсіргендерге ұсыныс жолданып,  нәтижесінде сүт бағасы 223 теңгеге төмендетілген. Қармақшы ауданындағы № 275 мектеп қызметкерлері де айды аспаннан  шығарды. Олар 1 күртені 1 жарым млн. теңгеге бағалаған. Осылайша, 208 млн. теңгеден астам қаржыға 125 күртеше  алмақшы болыпты. Тексерістен кейін оның бағасы 16 700 теңгеге түсірілген.  206 млн. теңгеден аса қаржы үнемделді.   

Ғалия ӘЛІМҚҰЛОВА, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мониторинг қорытындысымен 80-нен аса мемлекеттік мекемелерге ұсыныс жолданып, 3,3 млрд. теңге көлемінде мемлекет қаржысы үнемделуіне қол жеткізілді. 2022 жылдың 2 айында 17 мекемеге жолданған ұсыныстардың нәтижесінде жалпы соммасы 351 млн 230 мың теңге бюджет қаражаты үнемделді.

М. Тоқтасынқызы